« Қазақ тілі мен әдебиеті » пәнінен 3 - тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 8 - сынып Оқылым 1 - тапсырма . Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкiл ауылдың үлкендері , әсіресе қарттары араласқан . Ата - бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш , жауынгер , әнші , күйші , аңшы , құсбегі - бесаспап азамат етіп , тәрбиелеуді мақсат еткен , жігіттің бойына өнер мен еңбекті , ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген . Ер баланы бес жасынан бастап , ат жалын тартып , азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға , отын шаббуға , қора салуға , ағаштан , теріден , темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға , яғни қоленер шеберлігіне баулыған . Әсіресе акелері мен аталарын ұлдарға мал жаюдан бастап , шаруаның алуан тасілдерін үйретіп баққан , Қонақ күту , үлкенге иіліп сәлем беру , ән айтқызу , домбыра тартып , күй шерткiзу , өлең - жыр жаттату , жаңылтпаш , жұмбақ үйрету немесе теңге алу , жамбы ату , аударыспақ , сайыс , көкпар , күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген . Қай ата - ананы алсақ та , қызының ертең барған жерінде « балдай батып , судай сіңіп кетуін , жақсы жар , адепті келін , аяулы ана болуын армандайды . Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып есуі үшін жасынан - ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді . Халқымыз келіннің аяғынан , қойшының таяғынаны дегенде , жаңа отаудың береке - құтын , ағайын - туыс , ауыл арасындағы беделін , болашақ ұрпағына дұрыс тәлім - тәрбие беруін келіннің жақсы - жаман қасиеттерімен өлшеген , Матіннің негізгі ойына сай келетін мақалды көрсетіңіз d ) Ата - ана – аяулы қазына b ) Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі а ) Тарбие - тал бесіктен C ) Ер жігітке кеті оне де аз