«Қазақ тілі мен әдебиеті » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 2-нұсқа

Фамилия аты- жөні __Болатбек Ильяс 9 Г сынып

І. Оқылым

«Күлтегін» жыры жер мен көктің, а ң жаралуы туралы философиялық толғаудан басталады. Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны еңкейтті, Тізеліні бүктірді», – дейді. Солай жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады. «Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

1-2 Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, себебін дәлелдеңіз.

___Журналистік

[2]

3. «Күлтегін» жыры қандай толғаудан басталады?



[1]

4. Жырдың авторы Күлтегін мінген атты қандай ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген?

[1]

5 «Күлтегін» жырының басты идеясы неде? Бағалап жазыңыз.

[1]

ІІ.Мәтін бойынша «ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар боынша өз пікірлеріңді жазыңдар.

Бірінші сөйлем. Менің ойымша, ...

Екінші сөйлем. Себебі мен оны ... деп түсіндіремін.

Үшінші сөйлем. Оны мен ... деген фактілермен, мысалдармеен дәлелдей аламын.

Соңғы сөйлем. Осыған байланысты мен ... деген түйін жасадым.

(5 б)

ІІІ. Жазылым. «Көшпенділер мәдениеті» деген тақырыпқа эссе жазыңдар.

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәләлдеп

жазыңдар. (10б)

Вика1609000 Вика1609000    1   31.10.2020 06:15    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi