Қазақ тілі мен әдебиеті. 15.05. 2020 жыл 5 «А,Б» сынып. Жұма.

Сабақтың тақырыбы: Бала Қайроштың қалаға кетуі

Сабақтың мақсаты:

5.3.6.1. тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру

5.2.6.1. тірек сөздерді дұрыс қолданып, иллюстрацияларды сипаттау.

Мәтіналды жұмыс. Қайроштың прототипі

1 тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. ответьте на во Сен қандай шығармалард оқыдың?

Қандай шығармалар ұнайды?

Қай жазушының шығармаларын ұнатып оқисың?

Соғыс туралы шығармалар/фильмдер ұнай ма?

Алдағы уақытта қандай шығарманы оқуды жоспарлап қойдың?

2- тапсырма. «Маған ұнайтын шығармалар» сөзіне диаграмма жаса. Диаграмма бойнша шағын мәтін құрап жаз.

Жаңа сөздер

Көзі алақандай болу (қорқу) – бояться

Бақташы – пастух (присматривающий за табуном

Жалтақтау - посматривать (многократно). озираться по сторонам с испугом; оглядываться по сторонам с испугом.

Үгітілу - расширяться, дробиться, крошиться

Бүйір – бок

3- тапсырма Мәтінді тыңда. Түсініп оқы.

Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай – қарай зытам... Зытып келе жатқаным – қашып келемін, артыма қарай бергенім – қорқып келемін...

Мен қазір ондамын. «Әліпті таяқ деп білмейсің», - деп ауылдың балалары мазақтай беретін еді, жазғытұры қолыма сиыршының таяғы түсті.

Енді естияр азамат болдың... Мына таяқты қолыңа ал, осы ауылдың сиырын енді сен бағасың! – деп ағам Айдынғали таяғын ұстатты да өзі аяқ-еңбек іздеп, қалаға кетті.

Қалаға кіріп, қатар – қатар тізілген көп тақтай дүкендердің оңашарақ тұрған біреуінің жанына келдім де жып – жылы жерге құлай кеттім. Жұмсақ құм өзінен – өзі үгіліп, жамбасқа жайлы төсек болып кетті...

О, қасқаның жатысын –ай!..-деп, тап өзіме ұқсаған екі бала аяқтарымен бүйірге түртіп тұрғандарын бір аңдағандай болып ем, көзімді ашуға дәрменім жетпеді. Ар жағын білмеймін, тас болып қатып қалсам керек...

Түнде өліп жатқан бала сен бе едің, әй?- дегенге артыма қарасам, бір ересек, бір кішірек бала өзен жағасына жақындай берген екен. Біреуі ашаң, сұңғақ денелі, үстінде шолақ шалбардан басқа еш нәрсе жоқ. Күнге күйіп, күрең тартқан дененің бұлшық еттері иіріліп-иіріліп қояды. Енді біреуі менімен тұстас болуы керек, ақшыл денелі, арық, бір аяғын ақсай басып келеді.

(Ғабит Мүсірепов)

4- тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді теріп жаз. Сөйлем құра. Выпиши из текста местоимения. Составь предложния

Reaper655 Reaper655    3   15.05.2020 11:27    59

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi