Қазақ тілі бжб кім білет тез көмектесндерш
берем


Қазақ тілі бжб кім білет тез көмектесндерш берем

Sofija20 Sofija20    1   15.03.2021 18:43    0

Ответы
LiudaSerga2345 LiudaSerga2345  14.04.2021 18:45

Тапсырма  

1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.  

1-мәтін

Нан  

(әңгімеден үзінді)

...Олар сай қуалап, орылмаған бидайдың ішіне енді. Бұқпантайлап жүріп, өнімді де тиімді шаруаға кірісті. Әбден жетіліп, қауызынан дәні төгілген есіл бидай болымсыз желге судыр-судыр етеді. — Ой, апа! — деді Қонысбай, белеңге шыға келген салт аттыны көріп. Ойпаңдау жерге екеуі де зым-зия бұға қалды. Аттың дүбірі біртін-біртін бұларға жақындай берді, жақындай берді...

— Иә, балалар, жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?.. Тұр орындарыңнан! Екі дос ырсылдап, пысылдап, күрсініп, аспай-саспай түрегелді. Жақсылық ағай екен! Протезін сықырлатып, ердің үстінде қисайып отыр. Сәл көңілсіздеу болғанымен, жүзі онша сұсты емес, сабырлы, инабатты. Бұл кісі биыл көктемде бір аяғын беріп, кемтар боп майданнан оралған. Ат үстіндс мықшиып отырған Жақсылық әрқилы ойда. Тесік тамақ үшін күнге күйіп, сары адырда сандалып жүрген мына шермік қарын жетімектерге қайтіп кемістік білдірмек? Қайтіп қолы бармақ? Тәртіп бойынша бұларға өз сыбағаларын жақсылап тұрып беру керек еді. Бірақ... Қорықшы ағай ауыр күрсінді. — Шырақтарым,— деді ол байыппен, атының жалын сипап жатып,— бұл үкіметтің астығы. Майдандағы көкелеріңе нан керек. Ашық аспан астында олар Гитлер фашизмімен соғысып жатыр. Кім үшін? Сендер үшін. Сендердің болашақ бақыттарың үшін!.. Біз ауылдамыз. Быламық ішсек те, талқан жесек те өлмейміз... Масақ тергілерің келсе, комбайн жүріп өткен аңызаққа барыңдар, бәріңе де жетеді... Екінші рет бүйтіп бейбастық жасамаңдар!.. Ол қойнынан бір нан алып балаларға берді. Сөйтті де атын шоқырақтатып жөнеп қалды. Оның оң аяғындағы ағаш протезі салақтап бара жатты.

Тоқаш Бердияров

2-мәтін

Ұлттық тағам – халықтар достығына жол

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді.  

Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.  

Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.  

– Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.

1-мәтін 2-мәтін

                                                                 Тақырыбы

Нан өнімдері Ұлттық тағам

Кімдерге оқуға арналған?

Оқушыға Оқушыға

Қандай стильде жазылған?

Ауыз екі стильі Ғылыми стиль

Қысқаша шолу жасау

Мәтінде жақында майданнан келген ата бабаларға тамақты таңдама таңдамай жеңдер дейді , өздерің тапқан нанды  бағалай біліңдер. С.Торғаев атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жастары Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді.

2. Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс «тамақты дәрі деп қабылдаңыз, әйтпесе дәріні тамақ орнына қабылдайтын боласыз» деген екен. Сіздің бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды шартты райды қолдана отырып, жинақтап эссе жазыңыз.  

Стив Джобстің бұл айтқаны өте дұрыс. Себебі ата бабаларымыз айтқандай - барлық ауру тамақ жемегеннен, тамақты жиіркеніп жегеннен де түрлі аурулар пайда болады, себебі ауру аяқ астынан. Ал тамақты қызыға әрі пайдалы дәрі деп жесең, ауру деген зат сеннен алшақ болары анық емес пе?! Дұрыс тамақтанудың да пайдасы өте көп десек те болады. Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.

 

2 алмайсың

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi