Қазақ тілі - ана тілім такырыбында көпшілік алдында сөйлеуге дайындал. Ол үшін. 1.жоспар құр;. 2.не сөйлейтініңді құрған жоспарыңа сәйкес ретте;.
3.сөзіңді түсінікті, мәнерлі жеткізуге тырыс;. 4.сөйлегенде қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді қолдану ұмытпа.​

Pa3goJI6aù Pa3goJI6aù    1   03.09.2020 15:50    11

Ответы
Анастасия3342 Анастасия3342  15.10.2020 17:01

Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын,абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер- сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбатты тіл.Ақын С.Торайғыров ана тілімде:

Сүйемін туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп жырға қосқан.

Ана тілім - ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.Амал не.., туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндер де аз емес.Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындар көрінген кезде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Пауетовскийдің "Туған тіліне жаны ашымаған адам- жәндік"деген сөзі ойыма еріксіз оралады.


Қазақ тілі - ана тілім такырыбында көпшілік алдында сөйлеуге дайындал. Ол үшін. 1.жоспар құр;. 2.не
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi