Қазақ тілі, 8 сынып. 50/ беремін, көмектесіндерші. "Дулат Исабековтің "Әпке" шығармасында көтерілген мәселелер ұлттық құндылығымызды жоғалтпаудың көрінісі болып табыла ма?" тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. Сөз саны - 200. Жазбас бұрын төмендегі ақпаратты мұқият оқыңыз. Жұмысыңызда төменде жазылған мәтінді синоним сөздермен алмастырып отырып қолдануға болады.

Жазушы, драматург Дулат Исабековтің «Әпке» драмасы замана ықпалымен ұлттық құндылықтарды жоғалта бастаған, адамгершілік, парыз, борыш ұғымдарын жете түсінбейтін жастардың бейнесін ашып көрсететін шығарма. Шешеден жастай қалған, әкеден қайыр көрмеген бір әулеттегі балалардың тұрмысын, таным-білігін бір-біріне жасаған қарым-қатынасы, айтқан сөздерімен білдіріп, жалпы қоғам болмысын танытады. Басты кейіпкер Қамажайдың адамдық қасиеті оның сөздері мен іс-әрекетінен аңғарылып тұрады. Жасынан тірі жетім боп қалған бауырларын адам ету үшін өз бақытын табуға ұмтылмай, жеке өмірін ұмытып, ынты-шынтысымен солардың тілеуін тілеп, дегенін орындап отыруы кез келген жанның қолынан келмейді. Қамажай бейнесі осынысымен асқақ. Бауырларының көңіліне кірбің түсірмей қатарға қосып жеткізуді Қамажай парызым деп біледі. Бір сөзінде әлдеқашан дүниеден өткен «шешеме не айтам» деп, қамығатыны да бар. Шығармада көрінетін жастардың бәрі де бетімен кеткен, өмірді өзінше түсініп, өзінше әрекет ететін бейнелер деп айту қателікке ұрындырады. Сіңлісі Нәзилә бірбеткей, тікмінез, турашыл, ойындағысын тура айтар бейне ретінде, Омар қақ-соқпен ісі жоқ, адал жанды, ғылымға берілген жан ретінде көрінсе, бар тартысқа негіз болып, Қамажай бейнесін ашып беретін бейне – Қамажайдың ержеткен інісі – Темір. Оның өзі де, дос-құрбы қыздары да бір сәттік қызыққа еліткен, өмірді өзінше пайымдап түсінетін бейнелер. Бұл олардың драмада дастарқан басындағы пікірталасынан айқын танылады. Адалдық пен адамдық парызды бірінші орынға қоятын Қамажайдың Темірдің келіншегі – Кәмиләға қол көтеруі, ашуға булығып, Темірге де шапалақ жұмсауы тегін емес. Олардың іштегі баланы алдырып тастауын асқан қатыгездікке балап, нәзік жанының тітіркеуінен болған әрекет. Осыдан соң-ақ әлі ешнәрсені жете ұғынбайтын Темірдің кетем дегенінде өз әрекетіне кешірім сұрап жалбарынады. Себебі отбасы тұтастығын сақтауды өзінің борышы деп біледі. Бұдан басқа драмадағы Гауһар, Ермек, Сұлтан, Светлана секілді бейнелер де Қамажайдың тұлғалық бейнесін танытуға үлес қосып тұрған бейнелер. Драма идеясы заман ыңғайымен тұлғаның да бет-бедерінен айырылмай, адамдық қалпын сақтап қалу керектігін мегзейді.

Nataliaroy Nataliaroy    1   26.02.2021 14:54    1

Ответы
tashbaeva201 tashbaeva201  26.02.2021 15:00

Басты кейіпкер Қамажайдың адамдық қасиеті оның сөздері мен іс-әрекетінен аңғарылып тұрады. Жасынан тірі жетім боп қалған бауырларын адам ету үшін өз бақытын табуға ұмтылмай, жеке өмірін ұмытып, ынты-шынтысымен солардың тілеуін тілеп, дегенін орындап отыруы кез келген жанның қолынан келмейді. Қамажай бейнесі осынысымен асқақ.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi