ҚАЗАҚ ТІЛІ - 8 А ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

САБАҚ

ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ

Чат ашу

Ұлттық құндылықтар дегеніміз әр ұлттың өзіне тән, түп тамырынан, тарихынан бастау алатын құнды қазық деп түсінуге болады. Ұлттық құндылық жайлы айта беретін болсак шегі жоқ. Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары, оныі ішінде мысал ретінде айтсақ, өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны болған –ою өрнектері. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды.

Салт- дәстүріміз –әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Салт- дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлык, өнеге тәжірбиесін құраған. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиеліқ мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы-ұлттық-мәдениетіміздің байлығы.

Отан-отбасыдан басталады» демекші, отаншылдық, парасаттылық, рақымшылдық, қанағатшылдық, ата салты, дәстүр, туған жерді сүю,ар-намыс, діл, рух, ана тілді құрметтеу сияқты ұлттық құндылықтарымызды бала кезінен бойға сіңіру аса маңызды істердің бірі. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, мәдениетті, адамгершілігі мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу- бұл қазіргі таңда өмір талабы және қоғам қажеттілігі болып табылады.

Берілген мәтіндегі астарлы ойды түсіне отырып, өз ойыңды жалғастырып жаз. (эмоционалды-экспресивті сөздерді, шылау түрлерін, күрделі сөздерді қолданып жаз)10 сөйлем.

Региша10 Региша10    3   20.10.2020 04:38    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi