Қазақ тілі 4сынып 91 бет 24- жаттығу

profi14 profi14    3   14.08.2019 11:30    3

Ответы
Jdjdkdjd Jdjdkdjd  20.08.2020 08:30

Менің туған күнім

Бүгін менің туған күнім. Мен он бес жасқа толып отырмын. Бұл күнді асыға күттім. Үйде ата - анам бауырларым сағат түнгі он екіден бастап құттықтап, маған тосын сый жасады, сыйлықтарын сыйлады. Мен өте қатты қуанып, екі езуім екі құлағымда болды.

Таңертеңнен бастап көңілім көтеріңкі болды. Анам мен әпкем тәттілер әзірлеп, бүгін қонақ күтуге дайындалуда. Сабақтан келіп мен де оларға көмектесе кеттім. Кешке үйге қонаққа ағайын - бауырлар келеді. Жаңа әдемі көйлегімді кидім.

Қонақтар маған ақ тілектерін айтып, түрлі сыйлықтар ұсынды. Әпкем маған арнайы үлкен торт пісірген болатын. Ол өте дәмді шығыпты.

Туған күнім ойдағыдай өтті. Енді демалыс күні достарыммен кездесіп, тағы туған күн тойлайтын боламыз.


Қазақ тілі 4сынып 91 бет 24- жаттығу
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi