Қазақ тілі 2 сынып, 22жаттығу 110бет. 2 сынып оқушысына өлең берілген: "Көп нүктенің орнына тиісті сөздер қойып, өлен құрастыр" деген.
Сосын өлең жазылған, арасында сөздер жазылмаған, сөздердің орнында көп нүкте. Ол нүктелерін орнына тиісті сөздерді жазу керек екенің түсіндім. Әрі қарай осы өлеңге Асан деген бала каллиграмма жасапты деп жазылған және оның каллиграммасы көрсетілген. Каллиграммада Асан көп нүктенің орнына қоятын сөздерді сурет арқылы көрсеткен, мысалы тамшылар, терезе, су салған.
Төменде Асанның каллиграммасының, сүреттерінің астына "Сен де каллиграмма жасап көр" деп жазылған. Менің сұрағым: осы жаттығуды жасау үшін не істеу қажет? Түк түсінбедік. Бүкіл айналамыздағы 2 сынып оқушылардың ата-аналарынан, таныс мұғалімдерден сұрастырдық. Ешкім білмейді, әр түрлі жауап береді. Өз басым Асанның каллиграммасын көшіріп ал дедім, өлендегі сөздердің байланысын тауып астын сыздық. Ал "каллиграмма жасап көр" деген тапсырмаға не істеу қажет? Ойына келген сөздерге ме, немесе осы тақырыпта каллиграмма жасау керек пе? Осы өлеңге басқаша қалай каллиграмма жасауға болады? Басқа сөздер осы өленге келмейді ғой?! Осы жаттығуды орындаймыз деп 2 күн мазамыз жоқ, жынды бола жаздадық Өтінемін жауабын берініздерші

алиса768 алиса768    2   22.12.2020 21:22    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi