Қазақстан
Республикасының
Ұлттық кітапханасы​


ҚазақстанРеспубликасыныңҰлттық кітапханасы​

oldtelephone20 oldtelephone20    3   21.01.2021 21:30    0

Ответы
sinan1922abdullaev sinan1922abdullaev  21.01.2021 22:00

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы - 1910 жылы 31 желтоқсанда құрылды. Ағарту саласы жанашырлары Қоғамының қаражаттарына Верный қалалық думасы Л.Н. Толстой атындағы кітапхана-оқу залын ашу туралы шешім шығарды.

Кітапхана ҚазОАК Президиумының «Қазақ АКСР мемлекеттік көпшілік кітапханасын бекіту туралы» (1931 ж.) Қаулысымен 1931 жылы Республикалық кітап қоймасы мәртебесін алды. Қазақ КСР Министрлер кабинетінің 1991 жылы 9 желтоқсандағы Н775 Қаулысы бойынша Ұлттық кітапхана болып аталды.

ҚР ҰҚ ғимараты Қазақ Министрлер Кеңесінің 1982 жылы 26 қаңтардағы Н38 Қаулысының және ҚР «Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдалану туралы» Заңының 11 және 19 баптарының негізінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

Кітапхана қорында әлем халықтарының әр тілдерінде 5 831 812 сақтау бірлігін құрайтын әмбебап жалпыұлттық әдебиеттер жинағы сақталады. Қор жыл сайын 100 мың данаға толықтырылып отырады. Күн сайын кітапханаға 3 мыңға жуық оқырман қатынайды. Оқырмандарға 1 жылда 2 миллионнан аса құжат беріледі. Оқырмандарға 15 оқу залы қызмет көрсетеді (жалпы және 14 мамандандырылған). Олар 1500 адамға бір мезгілде қатар қызмет көрсетуге есептелген.[1]

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi