Қазақстанның жер қойнауы әлі де көп бөлігі игерілмеген табиғи байлықтарға толы. Кеңес уақытындағы «Қазақстанның жер қойнауынан Менделеев таблицасыың барлық элемент табылады» деген сөз тегін айтылмаса керек. Біз жер қойнауында жасырынған осы мол байлықтың жүзден бір бөлігін де игергеніміз жоқ. Қазіргі кезде біздің еліміз табылған мұнай қорының көлемі жөнінен (Каспий шельфіндегі энергия ресурсын олар есепке алмағанда) дүниежүзінде 12 орында, газ бен газ конденсаты жөнінде 15 орында тұр. Қазақстан үлесіне әлемдегі табылған және барланған мұнай қорының (Каспий шельфіндегі энергия ресурсын есепке алмағанда) 3-4%-ы тиеді. Ал Қазақстанның құрлықтағы бөлігіндегі көмір сутек ресурсы қазіргi мезгілде 2,8 млрд тонна мұнай мен 1,8 трлн текшеметр газға тең.
составьте 5 талгаулы предложений из этого текста