Азақстанның қалалары қандай аймақтарда орналасқан? ​

Софияcatwar Софияcatwar    3   01.10.2019 12:27    13

Ответы
petrov100469 petrov100469  09.10.2020 07:44

2. Қазақстан аумағын шартты бес аймаққа бөлуге болады: Батыс Қазақстан аймағы, шығыс Қазақстан аймағы, оңтүстік Қазақстан аймағы, солтүстік Қазақстан аймағы және орталық Қазақтан. Әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктері бар.

Мәселен, Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Басты өнеркәсіп орталықтары: Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Ақтау.

Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. Шығыс Қазақстан аймағының басты өнеркәсіп орталықтары: Өскемен, Семей, Алтай.

Оңтүстік Қазақстан — батыстағы Арал теңізінен шығыстағы Жетісу Алатауына дейінгі және солтүстіктегі Балқаш көлі мен Бетпақдала шөлінен Қазақстанның оңтүстіктегі шекарасына дейінгі үлкен алқапты алып жатқан өңір. Құрамына Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары жатады.

Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қаpa топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығынын, дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) - жаздық бидай өсіру. Басты өнеркәсіп орталықтары: Петропавл, Қостанай, Көкшетау.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi