«Қазақстандағы биотехнология жаңалықтарының ел экономикасының дамуына тигізетін ықпалы" деген тақырыппа термин, көркемдеуіш сөздерді пайдаланып, астын сызып , эссе жазыңыз.

danilabelinovp08mj9 danilabelinovp08mj9    1   01.02.2021 10:28    19

Ответы
visor0304 visor0304  03.03.2021 10:33

Инновациялық биотехнологияны қолдану ХХІ ғасырда мүмкіндік береді. биосфераның, гидросфераның, атмосфераның және литосфераның потенциалдарын пайдалану тиімділігін арттыру негізінде Жердің өсіп келе жатқан халқын тамақпен, сондай-ақ ауыз сумен және басқа табиғи ресурстармен қамтамасыз ету. Болашақта биоэнергияны дамыту биомассаны өсіру үшін биотехнологияны кеңінен қолдануды қажет етеді деген қорытындыға келді.

Биоотынның заманауи түрлерін сипаттайды, оларға мыналар кіреді: целлюлоза, қант және крахмалдан алынған этанол (дәнді крахмалды қоспағанда), жарма мен көкөністердің қалдықтарын, жануарлар мен тамақ қалдықтарын өңдеу; биомассадан алынған дизель отыны; биомасса конверсиясынан алынған биогаз және целлюлозалық биомасстан алынған басқа биоотындар. Экономиканың тау-кен секторы кәсіпорындарында қоршаған ортаны қорғауда биотехнологияны қолдануға көңіл бөлінеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
veronikasizonov veronikasizonov  03.03.2021 10:33

Қазақстанда биотехнология саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, отандық ғалымдар биоүйлесімді желім әзірлеп шығарды. Оның қолданылу аясы - медицина мен биология. Әсіресе, оның көмегімен қарапайым хирургиялық тігістерді алмастыру мүмкін. Бұл жоба бойынша Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары шамамен екі жылдай шұғылданды. Мамандардың сөздерінше, олар төзімділігі жоғары, яғни осыған ұқсас қазіргі материалдардан жүз есе сапалы материалға қол жеткізді. Айтпақшы, бүгінгі күні дүние жүзінде медициналық желім жасап шығарумен бар болғаны бірнеше ғана ғылыми топ айналысады. Қазақстандық ғалымдардың әзірленімі импорттың орнын отандық өніммен алмастыруға және алдағы уақытта шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

АЛЕКСАНДР ШУСТОВ, ҰЛТТЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Прототип ретінде біз табиғи адгезивті ақуыздарды алдық және осы жоба аясында бізге ақуыздар алуға мүмкіндік беретін эксперименттік жүйе қалыптастырдық. Зертханада табиғи жабысқақ ақуыздарға ұқсас түріне қол жеткіземіз. Егер де бұл технологияны өнеркәіптік өндіріс деңгейіне дейін көбейтсек, онда біздің ақуызымыз осыған ұқсас табиғи түрлерімен салыстырғанда айтарлықтай арзан болады, әрі оның бағасын заманауи желімді материалдардың құнымен салыстыруға келетін еді.

Қазір Биотехнология орталығы басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде. Жеке зерттеу блогы ауыл шаруашылығы саласына арналған. Айталық, ғалымдар гербицидке төтеп беретін бактериалды гені егілген мақтаның ерекше сортын жасап шығарды. Мұндай мақта сортын жетілдіру келешекте өнімділіктің артатынына әкеледі. Ұлттық биотехнология орталығы осы жетістіктермен шектелмек емес – ғалымдар өз әзірлемелерін одан әрі де жалғастыра бермек. Айта кетсек, аталмыш институт 2011 жылдан 2015 жылдар аралығындағы Қазақстанның ғылыми ұйымдарының ішіндегі ең көп дәйексөз алынатындардың бірі деп танылды. Импакт-факторы жоғары халықаралық ғылыми жорналдарда басылып шығатын орталық ғалымдары мақалаларының саны жыл сайын артып келеді.

Объяснение:

Я в интернете нашла :)

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi