Қазақстанда өткен ЭКСПО көрмесінің бас тақырыбы «Болашақтың энергиясы» болды. Бүгінде а қуат көздерін игеру
мәселесі ерекше толғандырып отыр. Адамзат күн энергиясын толық
игерген кезде, бізге басқа энергия көзі қажет болмауы мүмкін. Күн
сарқылмас энергия. Күн энергиясы а толықтай қызмет
еткен кезеңнен бастап, көмір, газ және атом арқылы алынатын энергияға
деген сұраныс өзінен-өзі жойылады. Өкінішке қарай, бүгінде Франция
атом электрстансылары энергиясын ең көп тұтынатын ел болып отыр.
Біз, «Невада-Семей» қозғалысы, Қазақстанда атом электр стансысын
салуға қарсы болып келеміз. Әрине, атом энергиясы
ең арзан энергия
көзі. Оның үстіне, Қазақстан уран өндіруден әлемде көшбасшы болып
табылады. Бірақ ұрпақ болашағы үшін атом электрстансысын салу
қауіпті. Міне, сондықтан да Қазақстан «Болашақтың энергиясы» атты
тақырыпта көрме өткізіп, адамзатты толғандыратын өзекті мәселені
күн тәртібіне шығарып отыр.
(Составить 5 вопросов по тексту
1)Қазақстанда өткен ЭКСПО көрмесінің басты тақырыбы қалай аталады?
(жауабы :Болашақтың энергиясы)
2)Қай энергия ең арзан энергия көзі болып табылады?
(жауабы :атом)
3)Атом электрстансылары энергиясын көп тұтынатын елді ата?
(жауабы :Франция)
4)Адамзат қай энергияны толық игерген кезде, басқа энергияның қажеті болмайды?
(жауабы :күн энергиясы)
5)Қазақстан уран өндіруден көшбасшы ма?
(жауабы :иә)