Қазақстанда Құралай Нұрқаділова, Берік Ысмайылов, Айгүл Қасымова, Аида
Қауменова, Камила Құрбани, Мая Қуандықова
кию үлгісін жасайды. Олар Қазақстандағы сән өнерінің дамуына зор үлес қосты. Түрлі
сәндік үлгілердегі киімдерді ойлап тауып, халыққа ұсынды. Бұл сәнгерлердің қолынан
шыққан сәнді киімдерді көбінесе сахнада жүрген өнер адамдары киеді. Сәнгерлер өнер
адамдарының сұранысы бойынша арнайы киім үлгілерін дайындайды.
Қазір сәнді киімдерді тігумен айналысатын аттары елімізге танымал «Сымбат».
«Ерке-Нұр», «Фортуна», «Сара», «Нұр әсем», «Роза», «Дэва» сияқты сән ательелері бар.
«Сымбат» сән академиясы 1947 жылы тігін зертханасы болып құрылған. Қазір әлемгетанымал холдингке айналды. 1972 жылы Қазақстан мамандарының сән үлгілері алғаш
рет шетелге шығарылды. Шетелдегі сән майталмандарын-ң сынынан өтті. 1988 жылы
«Сымбат» сән үйі «Золотая лента» бас жүлдесіне ие болды. Ол Қазақстандағы «Must
industries» (АҚШ Нью-Йорк) секілді танымал компаниялар үшін аты әлемге әйгілі
«Chico's», «White and black», «Victoria secrets» атты сауда маркаларымен киім үлгілерінің
айрықша дизайнін жасап шығарады. Компанияның топтамалары халықаралық
подиумдарда жылына екі рет көрсетіліп тұрады.
1987 жылы «Сымбат» сән театрының негізі қаланды. Сән театры көптеген шетелдік
сән жәрмеңкелеріне қатысқан. «Сымбат» сән театры Қазақстанныңатынан 30-дан
астам елде өз топтамаларын көрсетіп келеді. Франция, Англия, Италия, Канада,
Корей Республикасы, Ресей және т. б. елдерде танылды. Онда қазақ халқының ұлттық
ерекшеліктері мен мәдениеті негізге алынып, ою-өрнекпен өрнектелген 700-ге жуық
киім үлгісі жинақталған.
«Сымбат» сән журналы 1958 жылдан бастап жарық көре бастады. Бүгінгі таңда
мұндай сән журналдарының саны көбейді. Олар: «Burda»", «Сәулелі сән» (қыз-
келіншектерге арналған мұсылмандық сән журналы). «Ерке-Нур» компаниясының
жанынан 2007 жылдан бері «Ерке-Нұр» атты қыз-келіншектерге арналған әдеби-
танымдық сән журналы шығып келеді​

dia207 dia207    1   28.12.2020 06:15    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi