Қазақстанда өндірілген және қолданылған қалдықтар бүгінгі таңда 100 миллиярд тоннаны құраса, соның тек 5 пайызы ғана қайта өңделеді екен. Орта есеппен жыл сайын 5-6 тоннаны
жинақтаймыз. Осы қарқында жалғаса берсе 2025 жылы бұл 8 тоннаны құрауы ғажап емес. Осындай аса
ірі көлемдегі қоқысты өңдеу - зауыт ресурстарын ұзаққа апармайтынын айтпаса да белгілі. Бұған себеп
еліміздегі қоқысты сұрыптап жинау мәдениетінің болмауы. Егерде қалдықтарды қоқыс свалкалары мен
полигондарға жинай берсек, келешекте жер тапшылығы басты мәселеге айналуын күтуімізге болады.
Ал кейбір полиэтилен сияқты қалдықтардың ыдырауы тек 100 жылдан кейін болатынын ескерсек,
жағдайымыз мәз емес.
Қазақстанда жылына 5-6 миллион тоннаға жуық қоқыс жинақталады. Алматының өзінде бұл
көрсеткіш миллионды құраса, астанамызда 300 000 тоннаға жетіп отыр. Бүгінгі таңда 100 миллиярд
тоннаны құраса, соның тек 5 пайызы ғана қайта өңделеді, ал қалғаны көмілуге жіберіледі. Дәл осылай
болған күннің өзінде, кейбір бөлігі апатты свалкаларға лақтырылып тасталынады. Себебі полигон
орындарының толып кетуі, қоқыс көлемінің артуымен байланысты. Былайша айтқанда, полигондардың
өзінде қоқысқа орын жоқ. Дания физигі Нильс Бордың әзілдеп: «осылай жалғаса берсе, өміріміздің
соңына қоқыстар жетіп тынады» - дегенін қазіргі таңда күлуге емес, ойлануға айтқандай. Оның үстіне
барлық полигондар оқшауланған, жабық территорияда барлық сақтық жабдықтармен қымталған болса
ғой. Өңдеу жүйесі мен ағын суларға апаратын жолы барлық полигонда бар деп айта алмайсыз.
Негізінен, бұндай полигондар мен ашық свалкалар, қала маңына жақын орналасатыны көңілге қаяу
салады.

1 Мәтіннің стилі
2 Мәтіннің жанры
3 Жанрға тән тілдік ерекшеліктер

irinaantipina irinaantipina    2   16.03.2021 16:37    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi