Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдык ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған. Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді. Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т.б. кен орындары жатады.

4 тестовых вопроса по этому тексту​

azamatmarahimov azamatmarahimov    2   16.02.2021 08:59    1

Ответы
Stepan71 Stepan71  18.03.2021 09:00

1)Қазақстанда қандай шикі зат бар ??

2)Еліміздің жер қойнауынан менделев кестесінде неше элемент бар?

3)6 мыңға жуық қандай қазабалар бар ?

4)Пайдалы қазбалар неше түрге бөлінеді ??

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi