Қазақстан қорықтары «Қорық» сөзі - өте көне ұгым. Ол Киев Русінің тұсында аң аулауға қатаң тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. Қорық – үкіметтің қорғауында болатын табиғи кешен, жер не су кеңістігі. Ол - сирек кездесетін тіршілік иелерін сол қалпында сақтауға арналған, ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – корғауга алынған ағзалардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру. Қорық аумағын Царуашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық - қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар, табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ҒЫЛЫМИ мекеме. Мұнда саны сиреп бара жатқан жануарлар мен азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16- орын алады. Қазіргі кезде нақты 10 корық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғаты үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы. 1. Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтаңыз.

romanres7ov romanres7ov    1   14.12.2021 17:19    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi