Қазақстан - Ұлы дала елі. Хлы далада біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген. Біз - көк аспан мен шексіз жасыл даланы мекендеген Ұлы даланың балаларымыз. Ұлы даланың табиғаты қоңыржай. Мұнда қазба байлықтар да, бидай да бар. Елімізде төрт климаттық аймақ бар: дала, орманды-дала, шөлейт және шөл аймақтар. Қазақстан - далалы ел. Дала бүкіл жер көлемінің 26%-ын алады. Жазы ыстық, қысы өте суық. Мұнда негізінен суарылмайтын бидай өсіріледі. Қара топырақты орманды-далалы аймақ жер көлемінің 0,4%-ын алады. Егіншілік жақсы дамыған. Мұнда суарылмайтын жаздық бидай өсіріледі. Шәлейт жер көлемінің 10%-ын алады. Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын өте аз, көктемнің аяғы мен жаздың басында жауады. Жазы ыстық, қысы суық, ашық аязды күндер көп болады. Жазда өзендердің көбінің суы құрғайды. Шөл дала жер көлемінің 44%-ын алып жатыр. Шөлдің ең үлкені --- Қызылқұм. Жердің б едері мен құмның түсі қызғылт сарғыш. Климаты құрғақ. Онда жазда аптап ыстық, ауызсу жоқ. Ылғал мөлшері өте аз. Сондықтан өзен бойына суармалы күріш, тез пісетін арпа егіледі. вопросы по этому тексту