Қазақстан климаты Қазақстан климаты шөлейт континентті: қысы өте суық, ал жазы ыстық. Қазақстанның кең байтақ аумағына байланысты, мемлекеттің түрлі аймақтарында ауа райы айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Мысалға, оңтүстікте егін егу басталып жатқан кезде, солтүстік жерінде әлі қар жатып, боран соғып тұруы ғажап емес. Бүкіл мемлекетке температураның күрт ауытқулары тән, бұл тәуліктік ауытқуларға да, жылдық ауытқуларға да қатысты. Солтүстікте қысқы орташа температура қаңтар айында -18,7°С, ал оңтүстікте -1,5°С. Ауаның құрғақ болуынан және күннің шуақтылығынан -15°С температура кейде ылғалды ауадағы -5° – 0°С тәрізді сезіледі. Қазақстанның қысы тауларда, мысалы, шаңғы базаларында қысқы спорт түрлерімен айналысуға ыңғайлы. Жазда мемлекеттің солтүстігінде шілде айының орташа температурасы +18,8°С, оңтүстікте +28,8°С. Ыстық жаздың күні қазақстандықтар теңіз-көлдерге барып жағажайда, демалыс базаларында демалғанды ұнатады.

Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005 жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін.

1.Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.

Мәтінде қандай климат түрі суреттеледі?

zorlnaviitukp00zmd zorlnaviitukp00zmd    2   29.10.2020 17:42    1

Ответы
tatyanachueva tatyanachueva  28.11.2020 17:43

Ыстық, суық, қар

Объяснение:

Деп ойлаймын

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi