Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Онда 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстанда орыс, дүнген, неміс, татар, ұйғыр, кәріс, қытай, өзбек, кәріс, украин, корей және т.б. ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүріп келеді. Солардың Отанына айналған біздің байтақ еліміз қашан да өзге ұлт өкілдерін құрметтеп, оларды бауырына басуға дайын. «Бірлік бар жерде – тірлік бар,» - дейді қазақ халқы. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі - еліміздің халықтарының ұлтаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы. Осы орайда 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблея халық татулығы мен тыныштығының тірегіне айналды. Батыс Қазақстан облысында 90 – нан аса ұлт өкілдері бар. Түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктірген облыстық Ассамблея халықтар достығына ұйтқы болып, көптеген жұмыстар жасап отыр. Орал қаласында Елбасы тапсырмасына сәйкес Достық үйі салынды. Онда өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, тілін, салт- дәстүрін сақтауға, құрметтуге қолайлы жағдайлар жасалған. Қазақтың бауырмалдығы мен кең пейілінің арқасында өзге ұлт өкілдері өсіп – өніп, бақытты өмір сүріп келеді. Қазақстанды өз Отаны санайды. Еліміз үшін ең басты байлық – халықтар достығы. (171 сөз) ( HYPERLINK HYPERLINK "http://oraloniri.kz/?p=16330" http://oraloniri.kz/?p=16330 сайттарынан оқушының жас ерекшелігіне сай бейімделіп алынды.) 1. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? А. 120 – дан аса В. 130 – дан аса С. 140 – тан аса Д. 150- ден аса [1] 2. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» мақалына сәйкес келетін ойды анықтаңыз. А. Бірлік - адамдардың бір – бірін құшақтауы. В. Бірлік – халықтың кең пейілдігі. С. Бірлік – халықтың ауызбіршілігі мен татулығы. Д. Бірлік – халықтың еңбегі. [1] 3. Мәтін мазмұнына сай 2 дұрыс ақпаратты ажыратыңыз. Р/с Ақпараттар Дұрыс Бұрыс 1. Қазақстанда өзге ұлт өкілдері өте аз тұрады. 2. 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 3. Орал қаласында Елбасы тапсырмасына сәйкес Достық үйін салу жоспарланып отыр. 4 Ассамблея халық татулығының тірегі. [2] 4. Берілген сұрақтарға толық әрі қысқа жауап жаз. Сұрақ: Батыс Қазақстан облысында қанша ұлт өкілі тұрады? Толық жауап: Қысқа жауап: [1] Cұрақ: Ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасалған? Толық жауап: Қысқа жауап: [1] Жазылым Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, төменде берілген тапсырмалардың біреуін таңдап, орындаңыз. 1) Ұлы Отан соғысының ардагеріне қазіргі бейбіт заман үшін алғыс айтып, хат жазыңыз. Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін (хабарлы, лепті, сұраулы ) қолданыңыз. (40-50сөз) 2) «Менің туған жерімнің табиғаты» тақырыбында мұғалімге арнап хабарлама жазыңыз. Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін (хабарлы) қолданыңыз. (40-50сөз)

MrAlexCross MrAlexCross    1   20.05.2020 11:58    53

Ответы
kozina574 kozina574  20.05.2020 12:30

ответ:ок ок

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi