Қазақстан» деген бір ауыз сөздің құдіретін еліміздің әрбір ұл-қыздары сезінуі парыз. Бұл ерекше сөз қанымызды тасытып, жанымызға жылу береді.
Қазақстан тарихына үңілсек, талай ер жүрек батырларымыз бен ару апаларымыз тәуелсіздікке жету жолында жанын қиып, елімізді ешкімге тәуелді қылмау үшін, құрбан болды. Олар «Қазақстан» деген еліміздің өз басшысы болғанын қалады. Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол сынды аға-апаларымыз сонау 1986 жылдың қысында «Желтоқсан оқиғасына» қатысып, жазықсыз азапталып, жала жабылып, ызғарлы желтоқсанда мұз жастанып, жас өмірлері қиылды. Әрине, бұған дейін де біздің еліміз қаншама қиындықтарды басынан өткізді. Бүгінге жеткеніміз, осындай аға-апаларымыздың ерлігінің арқасы екендігін естен шығармауымыз керек. Әрдайым ерліктерін мақтан етіп, тәуелсіз мемлекет екенімізді әлемге паш етеміз. Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Татулық пен бірліктің күні. Еліміздің тәуелсіздігі – ең алдымен бүкіл халқымыздың бақыты. спишите жалқы есімдер