Қазақстан азаматтары сұрапыл соғысқа қатысып қана қойған жоқ, ұрыстардың алғы шебінде ерен ерліктер көрсетті. Аттанғандардың көбісі соғыстан қайтып оралмады. Қанды қырғында елімізден аттанған
жүздеген жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанған болатын. Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдары
Құдайберген Сұрағанов, Сабыр Рахымов, Бауыржан Момышұлы Батыр атағын алды. Екі мәрте Кеңес
Одағының Батыры атағын Талғат Бигелдинов және Шығыстан шыққан қос жұлдыз пулеметші Мәншүк
Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловалар да осы жоғары атаққа лайықты деп танылды. Қазақстанда сонау
сұрапыл соғыс жылдарында толарсақтан қан кешіп, бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған майдангер ардагерлеріміз
бен тылда еңбек еткен ерендерімізді мәңгі жадымызда сақтау үшін зор жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі әрі
келешек ұрпақ ата-бабаларының фашистік Германияның басқыншылық соғысына қарсы Кеңес одағы
құрамында ерлікпен шайқасқанын еш ұмытпауы тиіс. «Біз бейбітшіліктің құнын терең түсінуге тиіспіз. Егер
біздің бабаларымыз сол кезде жеңіске қол жеткізбеген болса, біз бүгінгі тәуелсіздікті көрер ме едік, көрмес пе
едік. Бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді бағалай білуіміз керек, ал жастар ардагерлерге әрқашан қамқор
болуы қажет.
Мәтін тақырыбы
Негізгі ой
Дескриптор
мәтінге тақырып қояды;
-негізгі ойды анықтайды.​

00110100101 00110100101    2   09.04.2021 11:48    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi