Ия Қазақстаннан ең мықты ғарышкерлер шыққан1.Тоқтар Кәдімгі Тоқтар Әубәкіров десе – бәріміздің көз алдымызға жайдары жүзді, құрыш денелі, сұңғақ бойлы қағілез-қайсар азаматтың шуақ шашқан нұрлы бейнесі жылыұшырап келе қалады.Тоқтар Әубәкіров десе, бұдан ширек ғасыр бұрын бар қазақтың туын көтеріп, рухын асқақтатып оның ғарышқа аттанған ұмытылмас сәті еске түседі. Бүгінде жігіт ағасына айналған қалыбы қыран тектес қайсар жанға деген қазақтың ілтипаты әлі күнге дейін бір мысқал кеміген емес! Осының бәрін көзбен көріп, құлақпен есту неткен ғанибет! Халықтың сүйікті ұлына деген шынайы сүйіспеншілігі, дархан пейілі нақ осындай-ақ болар! Ол – дыбыстан да озған ең қуатты кеңестік 50 әскери ұшақтың тұсауын кескен атақты сынақшы-ұшқыш. Сол кеңес заманының өзінде әскери авиациядағы айрықша жетістігі үшін Гиннестің рекордтар кітабына кірген!2.Талғат Жұрт аяқ астынан дүрлікті. Тағы да сол атың өшкір «Протон» зымыраны орбитаға шықпай жатып, омыртқасы үзіліп, омақасып құлады. Жай құлаған жоқ, у мен заһарын айналасына шашып кетті. Жұрт дүрлігіп, Астана абыржып, БАҚ шулады. «Протон» гептил... Гептил «Протон»... Кешкілік еді. Алып ұшқан сайттардың бірінде «Қазғарыштың» жетекшісі Талғат Мұсабаев тілшіні балағаттады деген жаңалық желдей есті де кетті. Содан сол «аса маңызды жаңалық» үш күн қызуы басылмай «уілдеп» үдеді де тұрды. Көк зеңгірге шықпай жатып құлаған «Протон», оның гептилінің «уы» жайына қалды... Сайт форумы біздің Халық батырымызды, екінші ғарышкерімізді аяусыз мұқатып жатты...Тырнақтың астынан кір іздеп отырған ағайынның аузына өз әріптесіміз тәжірибесіздігінің арқасында сөз салды да берді. 3. Айдын Тегінде, ғарышкерлерге күлкі жарасқан. Әлемнің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагариннің күлкісін еске алыңыздаршы! Жылы жүзді, күлімсіреген жігіттің бейнесі Жер шарын мекендеген барша халықтың есінде мәңгіге сақталып қалғанында еш күмән жоқ. Ол – Гагарин! Жер шарының тұңғыш ғарышкері! Өзіміздің Тоқтар мен Талғаттың күлкісі ше?! «Күлкі – көңілдің көркі», дейді қазақ. Үшінші ғарышкеріміз... күлкі жағына сараңдау секілді. –Алматыға келген сапарында Айдын Айымбетовті екі кездесу барысында да суретке түсірдім, – дейді ардагер фотожурналист Нұрманбет Қизатов. – Өзің байқайсың ба, өте сабырлы, салмақты жігіт.

Объяснение:
Тоқтар Әубәкір, Талғат Мусабаева, Айдын Айымбетов