Қазақ соғымынан қалған сүр ет, қатық, тары, бидай сияқты жеті
тағамды қосып, қазан толы Наурызкөже немесе Тілеукөже жа-
сайды. Ақ дастарқанға «Ақ ырыстан» — қатық, құрт, ірімшік,
қаймақ, кілегей; «Көк ырыстан» — жүзім, алма; «Қызыл ырыстан»
қойдың басы, жамбас, ортан жілік, кәрі жілік, жал-жая, қазы-қарта;
«Дақыл ырысынан» - бидай, тары, күріш, арпа сияқты тағамдардан
жасалған жеті түрлі тағам қояды. Дастарқанды молынан жаяды.
Соған орай қазақтарда мынадай сөз тіркестері бар: «Дастарқан аш
болса, қонақтың көңілі жарым болады», «Жыл басында дастарқан тоқ болса, жыл аяғына дейін уайым жоқ болады, үйге ай сайын
ырыздық оралады». Міне, осы сөздер ежелгі ата-бабаларымыздың
наным-сенімдерін, әдет-ғұрыптарын одан әрі айқындай түсед перевести текст