Азақ киносының қазіргі келбеті" шағын мақала жазыңыз.
мақалада тәуелдік және көптік жалғаулары колдалыныз​

NeYch999 NeYch999    1   22.10.2019 05:00    50

Ответы
tutinae tutinae  17.08.2020 11:29

Қазақ киносының қазіргі келбеті.

Қазіргі қазақ киносының келбеті мен деңгейі қандай? деген сұраққа жауап бермес бұрын оны екі кезеңге бөлінетінің айта кеткен жөн болар. Олар: кеңестік және тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңдер.

Қазіргі отандық киноөнімдерді бірнеше топқа бөлуге болады:

1. коммерциялық немесе бұқаралық кино;

2. тарихи, идеологиялық кино;

3. авторлық, фестивальдік кино.

Әрқайсысына қысқаша тоқтала кетсек, бірінші топ, яғни коммерциялық кино деген атауы ғана болмаса, Голливуд киносынан техникалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар тақырыптық тұрғыда да артта қалып келеміз. Әлі де үйренеріміз көп. Тарихи идеологиялық жанрдағы фильмдерге келер болсақ, олар көбіне мемлекет тарапынан бөлінетін ақшаға түсіріледі. Дегенмен, деңгейі төмен болып жатады. Бұл киноны түсірудегі ерекшелік - әркімге ұнай бермейтін жанрдағы киноны көрермен сүйсініп көретіндей етіп, жоғары деңгейде түсіру. Бірақ көп режиссерлер бұл талапты орындай алмай жатады. Ал суреткерлік  ұстанымдарына ғана адал режиссерлер тобы түсіретін авторлық, фестивальдік кино өте жақсы деңгейде түсіріліп, тіпті халықаралық фестивальдерде аталып жататыны қуантарлық жайт.

Дегенмен, отандық режиссерлердің шетелдік кино индустриясынан үйренері әлі де көп деп есептеймін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi