Қазақ халқының ұстанған салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының ар жағында биік парасат пен даналық жатыр. Әрқашан ұрпағының тектілігін сақтауды көздеген батыр бабаларымыз оны өздерінің қасиетті борышы санаған. Дархан даламыздың жазылмаған заңдарын білесіз бе? Қандай жағдайда не істеу керектігін білген артық етпейді. Ендеше, не беру керек, не сұрау керек және не тілеу керек екенін біле жүрейік!
Үлкенге – сәлем, Қуантқанға – сүйінші, Қуанышқа – шашу, Соғымнан – сыбаға, Егіннен – кеусен, Малдан –көгендік, Балаға – базарлық, Киімге – байғазы, Сәбиге – көрімдік, Төркіндеген қызға – қалауын, Жаңа көршіге – ерулік, Досқа – естелік, Жетімге – қолқайыр, Мүсәпірге – садақа, Байлықтан – шүлен үлестіру, Тойға –сияпат, Жас босанған анаға – қалжа, Сағынғанға – сәлемдеме береміз.