Қазақ халқының киім-кешегі ұлттық, тұрмыстық және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақтардың ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы анық байқалады. Киімнің тігілуінен халық тұрмысының жай-күйі, мәдениетінің қалыптасуы, ғасырлар бойы жиналған еңбек тәжірибесі көрінеді. Кимді сәндеп кестелеу, зергерлік және басқа әшекей заттармен әдіптеу-сол халықтың сұлулыққа құштаррлығының дәлелі. Халық шеберлерінің көптеген қолтумалары өнердің өлмес туындыларына айналды. Олар қазақ халқының мәдени қазынасы. Сын еcімін тауып беріндерш