Қазақ халқының қару-жарақтары туралы эссе

irishkaevdokimova14 irishkaevdokimova14    3   27.05.2019 06:30    4

Ответы
ketrinkryt ketrinkryt  01.10.2020 12:32
Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары – соғыс құралдары мен киім-кешектері. Көшпелілік өмір салтын 20 ғасырдың басына дейін сақтап келген қазақтарда қару-жарақтың өзіндік этникалық сипаты қалыптасты. Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары ат үстінде соғыс жүргізуге сәйкестендіріліп жасалған, олар шұғыл қимылға ыңғайлы, жеңілдігімен ерекшеленді. Ол қазақ халқын құраған ру-тайпалардың әскери өнері негізінде қалыптасты және тарихи себептерден көрші халықтардың ықпалымен жетілдіріліп отырды. Қару-жарақтар екі үлкен топқа бөлінген: 1) шабуыл құралдары – қару; 2) қорғаныс жабдықтары – жарақ. Шабуыл қаруларына ер қаруы саналатын бес қару жатады (қ. Бес қару). Оған қоса қосалқы қарулар: қанжар, пышақ, селебе кіреді. Қорғаныс жарақтарына денеге киіліп кеудені қорғайтын сауыттар, шарайна, дулыға, қол-аяқты қорғайтын қосымша жарақтар (жеңсе, балтырлық, т.б.) жатады. [1]
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi