Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Кезінде ата-бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп-қонып жүрген. Малдың сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегі тіпті тезегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мал қазаққа жесе - асы, кисе - кисе киімі, мінсе көлігі, жапанда серігі - болған. Ата-бабаларымыз «мал-жан аман ба?» деп амандасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, оларды бағып, күтіп, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген. Ерте заманнан бері осы төрт түлік малдың пірлері бар. Түйе пірі - Ойсыл қара деп жүрген Увайс Қарани шын мәнінде өмірде болған адам. Пайғамбар дәуірінде өмір сүрген өмірін түйе бағумен өткізген. Ол өз елінің түйелерін бағып өзінің кәсіпке адалдығымен, тақуалығымен, қанағатшылдығымен көпке үлгі болған.
Сиыр пірі - Зеңгі баба. Бұл да өмірде болған адам. Халық ауыз әдебиетінде Зеңгі баба өмірін сиыр бағумен өткізген, түркілер арасында пір болған адам. Мазары Ташкент қаласының түбінде.
Жылқы атасы - Қамбар ата туралы халық арасында әр түрлі дерек бар.
Жылқы атасы - Қамбар ата. Кейбіреулер оны «Қамбар батыр» жырының кейіпкері дейді. Ол атқа мініп жауға шапқан нағыз батыр адам. Сондықтан халық елін жаудан қорғаған ерін, пір тұтады.
Қой атасы - Шопан ата. Ол - ХІІІ-ХІV ғасырларда өмір сүрген аңыздық тұлға. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз-әңгімелер көп.
Ешкі пірі - Сексек ата. Дерек бойынша Қазығұрт тауының бауырында жерленген Исмайыл атаның баласы. Бірақ аз зерттелген.

1. Мәтін не туралы?
2. Қандай тақырып қоюға болады?
3.Қандай қызықты мәлімет бар?
4. Мәтіннің негізгі ойы, идеясы?
5. Сенің қорытынды ойың?

missliss05 missliss05    3   16.03.2021 11:01    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi