Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа райын сол табиғат құбылыстарына қарап болжағаны белгілі. Ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы қандай жорамалдарын білесіз? Мәтін жазыңыз (120-150 сөз көлемінде).​

everlast112 everlast112    1   16.05.2020 11:55    5

Ответы
Faop Faop  28.08.2020 23:47

ответ:Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа райын сол табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың тыныс-тіршілігіне қарап болжағаны белгілі.

Олар ерте кезден ауа райын алдын ала бақылап, мал-жанның түрлі апаттардан аман сақтау үшін ерте қамданып отырған. Ауа райын болжаушылар табиғат құбылыстарын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған. Оны атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған. Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, естелікке алып отыруымен бірге, өз кезегінде мал-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген.

Бүгінде сол игі дәстүр ұмытылып бара жатқаны жасырын емес.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi