Қазақ халқы да айналадағы әлемді қиял-ғажайыптармен байланыс
тырған. Оның дәлелі - қиял-ғажайып ертегілері. Айналадағы құбылыс-
тардың бәрін жанды, киелі деп қабылдаған түсініктен, табиғат сыр-
ларын білсем екен деп армандаған халықтың ой-тілегінен көптеген
қиял-ғажайып ертегілері туған. Ертегідегі кейіпкерлер адам еңбегін
жеңілдетсек, жақсы өмір сүрсек деп армандаған. Осы армандары мен
қиялдарын ертегі арқылы жеткізген.
Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым ең-
бек адамдары, аңшы-мергендер, бақташы-малшылар болып келеді де,
жағымсыз кейіпкерлері жалмауыз кемпір, жетібасты айдаһар, қорқау
қасқыр және т.б. болып келеді. Жағымды кейіпкерлері адамдарды
жақсылық жасауға шақырып, табиғаттың дүлей күштерімен арпалыс-
са, жағымсыз кейіпкерлерінің іс-әрекеттері адамға сатқындық жа-
сау, аяқтан шалу, өтірік айту және т.б. қасиеттердің жамандықпен
аяқталатынын сездіртеді. Күресетін жаулары қанша мықты болса да,
жағымды кейіпкерлер оларды өздерінің ақыл-парасаты, білімі арқы-
лы жеңіп отырады. Қиял-ғажайып ертегілері халықтың өз күш-қайра-
ты мен ақыл-парасатына деген сенімінің күшті болғанын танытады.
Оқшау сөздерді табыңыз