Қазақ” газетінде кімдердің мақалалары жарық көрді?

Princessa607 Princessa607    1   04.11.2020 06:54    6

Ответы
Gootya1 Gootya1  04.12.2020 06:54

Қазақ газеті — 1913—1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы — «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi