Қазақ елі Ұлы Отан соғысы біткен соң он үш жылдан кейін ғана Рахымжан Қошқарбаевтың кім екенін алғаш білген . Ол кісінің ерекше ерлігінің көпке танылуына , кейінгі өмірінің басқа арнаға түсуіне бірден - бір себепкер адам - ата . Мұны біреу білсе , біреу білмейді . Көнелердің қатары азайып , көзі кеткен сайын , әсіресе кітап оқымай , ғаламторға емініп кіріп кеткен жастар бұл жағдайдан бейхабар . Рахымжан аға Қошқарбаевты ата бірінші рет 1958 жылдың алғашқы күндерінің бірінде өзіне сәлем бере келгенде көріпті . Майдангерлер тез - ақ тіл табысып , ұзақ әңгімелеседі . Атаның айтуынша , алғашында сөзін суыртпақтап бастап , бірте - бірте бөгеті ағытылған судай ақтарылып жан дүниесінде түйдек - түйдек болып түйіліп жатқан сырын да , ащы шынын да жайып салыпты . Рахымжан аға кете салып , ата Кәкімжан Қазыбаевқателефон соғып : « Тез жеткін ! » – дейді қатаң түрде . Ағасының бұйрығын екі етпейтін әдетімен ол кісі лезде жетеді . Аға келген заматта ата : — Журналиспін дейсің ! Дипломым бар деп мақтанасың . Журналиске , ең алдымен , сезгiр жүрек , көреген көз керек . Соғыс біткелі бері он үш жыл өтті , Рахымжандай тарихи адамды күні бүгінге дейін көрмей жүрген неғылған журналиссіңдер ? Адам ерлік жасауды жоспарламайды . Ерлікті туғызатын сәт болады . Адамның жақсы қасиеті де , жасық қасиеті де соғыста , тап сондай сәтте көрінеді . Мұндай сәт адамның ғұмырына , керек десең ұрпақтан ұрпаққа кететін өмірбаян , өсиет болып қалады . Рахымжан – сондай қиын қыстау сәтте асыл қырынан көрінген азамат . Ол қыры – жасаған ерлігі . Тағдыр оның өмірбаянын сол сәтте жазды . Оның өмірбаяны – отпен жазылған өмірбаян . Мен де төрт жыл соғыстың небір қияметін көрген жанмын . Бірақ фашизмнің соңғы бекінісіне айналған Берлинді алғандағы соғыс , Рейхстагқа ту тігердегі сұрапыл соғыс – ол нағыз жойқын қырғын ! Рахымжан – Жеңіс жалауын желбіретіп Рейхстагқа тіккен батыр . Мәтін бойынша 2 проблемалық сұрақтар құрастырыңыз​

equillirum equillirum    3   05.05.2021 14:25    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi