. Қазақ әдебиетінде мысал дегеніміз не? А) айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, қысқа сюжетті, қызықты көркем шығарма.

В) заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу.

С) заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.

D) адамның түр-сипатын киген киімі, қылығымен бірге суреттеу.

Е) табиғатты суреттеу.

2. «Менің атым Қожа» повесінің авторы.

А) Ахмет Байтұрсынұлы

B) Бердібек Соқпақбаев

C) Абай Құнанбаев

D) Ыбырай Алтынсарин

E) Дулат Бабатайұлы

3. Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесі не туралы?

А) Қожаның тәртіпті болуға ынталануындағы күш-жігері

B) Қожаның сотқарлығы жайлы

C) Мектеп оқушылары туралы

D) Қожаның анасы жайлы

E) Адам өмірі жайлы

4. Бердібек Соқпақбаев қай жерде және қашан туылған?

А) 1924 жылы қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданында

B) 1948 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында

C) 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы

D) 1841жылы қазіргі Қостанай облысы Затообол ауданында

E) 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз

5. Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі «тәмпіш» сөзінің мағынасы қандай?

А) ұзын, бойшаң, келбетті

B) жүзі қайырылу, өтпеу

C) кішкене келген, қысқа, келте (мұрын)

D) қатты қысып жіберу, батыра ұстау

E) жапсыру, желімдеу

6. Повесть дегеніміз не?

А) Баяндау түрінде қарасөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі

B) өлең үлгісіндегі әдеби туындылар

C) өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі.

D) шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс.

E) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы

7. Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаға бәсекелес сыныптасы кім?

А) Жанар

B) Сұлтан

C) Жантас

D) Жақанов

E) Қожаберген

8. Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның сынып жетекшісі Сәбира Майқанованың Қожа туралы негізгі ойы қандай?

А) «Сыныптан шығару керек»

B) «Түбінде а »

C) «Сыныптан қалдыру қажет»

D) «Жазғы демалыстағы лагерьге жібермеу тиіс»

E) «Тапсырмаларды күшейту қажет»

9. Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның кінәсін мойындауы ерлік пе әлде шарасыздық па?

А) әжесінен қорқуынан

B) шарасыздық

C) мәжбүр ету

D) жан қалауы

E) анасын аяғандықтан

10. Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның арманы.

А) жазушы болу

B) адал әскер болу

C) тәртіпті болу

D) сынып белсендісі болу

E) ақын болу

комектесындершы отынемын ​

Макс228500 Макс228500    3   02.03.2021 08:42    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi