Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажет заттарды қолдан жасаған. Оларды талғаммен әшекейлеген. Қазақтар киіз басып, сырмақ жасау, кесте тігу, алтын-күмістен әшекей жасау технологиясын керемет меңгерген. Қазақ жерінде өмір сүрген массагеттер барлық затты әшекейлеген. Ол туралы Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Соғысқа қажет құралдары, оқтары мен айбалталары мыстан жасалған. Баскиім, сәукеле, белдік, әшекейлері алтын-күмістен, асыл тастардан жасалған. Сондай-ақ атәбзелдері, құрал-сайманы мыстан жасалған, ер-тұрманы алтынмен әшекейленген», - деп жазады. Қазақта ою-өрнек кең тараған. Қазақтың ою-өрнегі халықтың ойы ұшқыр, талғамы биік болғанын көрсетеді. Ғимараттарды, жиһаз, ағаштан жасалған ыдыстарды ою-өрнекпен әшекейлеген. Ою-өрнек - Ұлы дала өркениетінің бір түрі.
2. Мәтіндегі негізгі мәселені анықтаңыз.3. Мәтіннен ұлттық қолөнер туралы 2 тірек сөзді жазыңыз