Қазақ ғалымдары тақырыбына әңгімелер беріңіз

dimasik5671 dimasik5671    3   22.05.2019 06:10    6

Ответы
M0N1C4 M0N1C4  01.10.2020 06:02

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған. Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше ден қойды. Ол XV ғасырда қазақ халқының ұйытқысы болған Үйсін,Қаңлы, Қыпшақ, Керей, Найман руларын жан-жақты зерттеді. Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі – “Алты шаһардың жайы туралы” деген шығармасы. 1864 жылы наурыз айында Шоқан генерал Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға келеді. Содан Верный қаласына, кейінірек Тезек төренің ауылына бпрып тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады. Сөйтіп жүргенде, ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болады. Оның сұйегі Алтын Емел тауының бауырындағы Көшен-Тоған деген жерге қойылады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi