Аз сөз Эссе 3 бүліктен тұрадыы кітапхана туралы

ДаняКашин ДаняКашин    2   26.04.2020 16:48    0

Ответы
nikita425 nikita425  13.10.2020 21:54

Кітапхана — мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана ба з шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға ба з шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы.

Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.

Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.[1] Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi