Қазіргі уақытта барлық адам үшін электр қуатын үнемдеу жаһандық мәселеге айналды. Электр қуатын көп тұтыну оны өндіруге жұмсалатын шикізат көздерін көп пайдалануға ғана емес, жаһандық экологияға да көп залал келтіруде. Сондықтан адамзат болашағы үшін алаңдайтын әрбір азамат электр қуатын күнделікті тұрмыста үнемдей алудың алғышарттарын білуі қажет. Өздеріңіз білетіндей, бүгінде электр үнемдейтін шамдар көп кездеседі. Қазақстанда қуат көзін үнемдейтін шамдардың пайдалануын арттыру үшін қызумен жарық шығаратын шамдарды пайдалану және өзге елдерден импорттауға әлдеқашан тыйым салынған. Алайда осы шамдар қолданыстан әлі ығыстырылып шығарған жоқ. Ал электр тогын аз тұтынатын шамдарға келсек, олар қызу лампасынан 5-6 есе аз энергия жұмсайды. Тағы бір пайдалысы ол шамдардың ғұмыры кәдімгі лампадан қарағанда бірнеше есе ұзақ. /Найдите местоимения с текста и определите виды/
Умоляю