Қазіргі қоғамдағы жағдайларды негізге ала отырып, «Діншілдік ұлтшылдықтан да қауіпті ме?» тақырыбында аргументті эссе
жазыңдар. Эссе көлемі - 150 сөз.​

Groverr Groverr    1   05.04.2021 19:28    23

Ответы
kklll1g kklll1g  05.05.2021 19:37

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында жалпы дінге деген қызығушылық обьективті түрде өсті, қоғам осы әлеуметтік-мәдени институтқа қатысты жаңа диспозицияға көшті. Зайырлылық үлгісінің қалыптасуы мен мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар саясатын дамытуға жаңа идеологиялық және саяси шарттар пайда болды. Қоғам өміріне еніп отырған діни ұйымдар мен топтардың саны өсті. Дін қазақстандық қоғам өмірінің маңызды факторы бола отырып, белгілі бір азаматтар тобының бейімделуі мен әлеуметтенуінің дамуына ықпал етеді. Әлеуметтік ахуалдың жаңашылдығы діндарлықты, қазіргі қазақстандық қоғамдағы оның қызмет етуін зерттеуге ғылыми қызығушылықты туындатады. Мемлекеттік идеологияның қажет деңгейде әзірленбеуі салдарынан діни дүниетаным зайырлылықтың баламасына айналып, оған сәйкес өмір сүру үлгісі мен құндылықтар жүйесі жайлы ұғымдардың қалыптасуына алып келеді. Жаһандық ықпалдар қазақстандықтарды оларға дәстүрлі емес болып келетін этнодіни субмәдениетке тарту арқылы, азаматтық бірегейліктерінің қалыптасуына әсер етеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi