Қазіргі кезде жаһанданудың әсерінен салт-дәстүрімізді ұмытып бара жатырмыз деген қауіп жиі айтылып жүр. Сіздің ойыңызша, жаһандану біздің салт-дәстүрлерімізге кері
әсерін тигізбес үшін не істеу керек? Салт-дәстүрлерімізді жаһанданудың құрбаны
еткізбеудің жолдарын ұсына отырып, сыныптастарыңызға хат жазыңыз.​

3937372829 3937372829    3   01.03.2021 16:36    71

Ответы
Sashka6068 Sashka6068  31.03.2021 16:41

Сыныптастарға сәлем хат.

Амансыңдарма менің сыныптас достарым.

Бүкіл әлемде жаһандану процесі жүріп жатыр.Қазақстандада жаһандану әсерінен салт-дәстүрімізді ұмытып бара жатыр деген қауіп айтылып жүргені шындық.Жаһанданудың елдің экономикасына,ғылым-білім жүйесіне,медицинаға,мәдениетіне әсері көп.Әр елдің әнін,музыкасын тыңдап,ойнау,сән киімдерін киіп күнделікті өмірде қолдану өз мәдениетімізді,киім киу үлгісін жою емеспе?Осы сөзге азда болса ойланып,ой қосыңыздар сыныптастар.Мысалы:Өткен жылы елдегі жасөспірім балалар мен қыздар Корея елінің жасөспірімдеріне еліктеп,сол үлгіде шаш қидырып,бояп,соларша киінгені өтірік емес .Ол еліктеу елімізде теледидар арқылы көрсеткен Корея телесериалдарының әсерінен болды.Біздің қазақ еліміздің салт -дәстүрі ұмытылып кетпес үшін не істей аламыз?Ол үшін мектеп формасына қазақтың салт дәстүріне сай шалбар,жакет,кастюм,юбка тіккізіп,ою-өрнектерін салып кисек қалай болады?-деген ұсыныс бар.Қазір мектептерде Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық киім киеміз, неге сол үлгіні мектеп формасына шақтап,үлгісін жаңартып кимеске? Ұлттық киім біздің киім киіудегі салт-дәстүрімізді сақтайтыны сөзсіз.Қазақтың ұлттық аспаптары домбыра,қобызынан мектепте жарыс өткізіліп ол аудан,облыс көлеміне дейін көтерілсе жаман болмас еді.Балалар домбыра мен қобыз үйренуге талпынар еді.Сонда халқымыздың күйлері ұмытылмас еді.Жыл сайын өткізілетін Наурыз мерекесі халқымыздың салт-дәстүрін сақтайтын бірден бір мереке.Алда келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын сыныптастар.Салт -дәстүріміздің жаһанданудан жоғалып кетпеуіне баршамыз ат салысайық.Күніміз мерекелі,заманымыз бейбітшілікте болсын сыныптастарым.Сау саламатта болыңыздар.Сіздерге хат жазып,өз ойымен бөліскен сыныптастарың Арслан Арланұлы деп білерсіздер.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi