Қазір кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олар бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас
жүйесін құрайды.
Кез келген еңселі елдің экономикалық өсімі мен өркендеуінің негізі
осы шағын және орта кәсіпкерлік болып табылады.
Шағын бизнестің артықшылықтары көп. Бұл
шағын және орта
бизнестің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің
өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру,
технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды бас-
қару сферасында бұл - еңбек ұжымында бейресмилік, жұмысшылардың
басқаруға және табысқа тікелей қатыса алу мүмкіндігі.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып
табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар
номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді.
Ал шағын бизнес ұсақ партиялармен шығарып, жеке тұтынушылардың (Г) мәтіннен неологизмдерді тауып оларға дыбыстық талдау жасаңдар