Айтыс – ертеден келе жатқан қазақ әдебиетінің үлкен саласы. Айтыс «көркемсөзбен жарысу» дегенді білдіретін поэзияның күрделі жанры.
Айтыстың негізгі ерекшелігі – болған оқиға, шындық өткір тілмен айтылады. Айтыс –нағыз ақындық өнер, суырыпсалма өнер. Айтыстың қазақ тілінің сөздік қорын дамытуда маңызы зор. Тілдегі сұлу теңеулер, мақал –мәтелдер айтыс өлеңдерінде жасалған. Айтыс адамды әдемі сөйлеуге, шешендікке, тапқырлыққа үйретеді. Айтысқа шынайы ақындар ғана барады. Айтыс тапқырлықты қажет етеді. Себебі қарсылас ақынның өлеңіне ұтқыр жауап айтылмаса, ақын жеңіліс табады.
Нағыз айтыскер ақын домбырасыз айтыспайды. Нағыз айтыскер ақын бірнеше өнерді меңгерген. Біріншіден, ол – сөз өнерін жақсы меңгерген шешен, екіншіден, әнші, үшіншіден, домбырада шебер ойнайтын әртіс. Кез келген ақын айтыскер ақын болмайды. Айтыскер ақын өлеңді ойдан тез шығаратын дарынды, терең ойлы, ұтқыр жауап беретін, логикалық ойлауы күшті адам болу керек.
Определите стиль и жанр текста