Айтылым -, әлі 8 -тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар. Мәтіннің мазмұнын сақтап, өздерің диалог құрыңдар. Төмендегі нақылдардың қайсысы мәтіндегі оймен үндеседі? Кітап ескірмейді Бір күні Қожанасыр досына келсе, ол үйін тазалап жатыр екен. Қожа одан: - Е, достым! Не істеп жатырсың? - деп сұрайды. - Ә, Қожа екенсің ғой! Мына киім, кітап, қағаздар ескіріп кетігті. Осыларды өртейін деп жатыр ем. дейді досы. Қой, достым! Киім ескіргенмен, кітап ескірмейді. Кітаптың сырты ескірген- мен, ішіндегі ақылы ескірмейді, - депті Қожанасыр. Білімді өлсе, қағазда аты қалар. Ұста өлсе, істеген заты қалар. Ақыл тозбайтын тон. Білім - таусылмайтын кен. . Өнер алды - қызыл тіл.