Айтылым 8-тапсырма. Хиуаз Доспанова туралы ақпарат жина. Қазақтың үшінші
батыр қызы жайында әңгімеле.​

Daria2316 Daria2316    3   08.04.2021 11:07    1

Ответы
lolkekcheburek27 lolkekcheburek27  08.05.2021 11:07

Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi  Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен. Байұлы тайпасы Масқар руынан шыққан.Хиуаздың балалық шағы нәубетті жылдармен тұспа-тұс келді. Ол Орал қаласындағы жалғыз қазақ мектебіне іліге алмай, №1 орыс мектебінде білім алады. Мектептегі оқуымен бірге Оралдағы аэроклубта қатар оқыды.

Бұл жайлы ұшқыш апамыздың өзі көзі тірісінде былай деген еді: "Мен мектепте комсомол ұйымында қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. Қаламызда ұшқыштар дайындайтын курс ашылған болатын. Соған оқушылар іздеп келгенде, ешкім жазыла қоймады. Мен орнымнан атып тұрып, мені жазыңыздар дедім. Содан кейін біртіндеп басқалар да жазыла бастады. Сөйтіп ойда-жоқта осы мамандықты игеруге тура келді".

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi