АЙТЫЛЫМ 4-тапсырма. «Үш қадамды сұхбат» тәсілін пайдаланып, мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрыңдар. Сыныптағы оқушы санына қарай 3 не 4 оқушыдан тұратын топқа бөлініңдер. Сұхбат төмендегідей жүйемен іске асуы керек: 1. А оқушы В-дан сұхбат алады. Солардың жауабын жазып отырады. 2. В оқушы С-дан сұхбат алады, А жауабын жазып отырады. 3. С оқушы А-дан сұхбат алады, В жауабын жазып отырады.