АЙТЫЛЫМ 3-тапсырма. Диалог. Досыңмен өздерің тұтынатын энергияның түрлері
жайында әңгімелес.
ТІЛДІК БАҒДАР
Есімдік және оның түрлері
Есімдік – зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөз
табы. Есімдіктің мағынасы алдындағы сөйлемге байланысты анықталады.
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
1. Жіктеу есімдіктері (мен, сен, ол, біз, сендер, сіздер, олар);