«Айналайын Ақ Жайық...» толғауында Доспамбет жырау өз дәуіріндегі көшпелі қазақ өмірін, қазақ жұртына қалқан болған ерлердің қарекет сипатын, олардың асқақ рухты болмысын романтикалық әсерлерге жетелейтін айшықты бояуларын қанықтыра, әрі сол суреттерді аңсау сезімімен қабыстыра бейнелейді. Толғаудың қай тұсын алсаңыз да, мүлтіксіз суреттелген көріністер мен сол көріністерді аңсау сезіміне жолығасыз. Мәселен: «...Қара бұлан терісін Етік қылар күн қайда?!
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?!
Күмбір-күмбір кісінетіп
Күреңді мінер күн қайда?!.» –
деген үлгіде келетін жолдардан қалың елдің қамы үшін қай уақытта да бес қаруын бойынан тастамай, қапысыз қамданып жүретін батыр ұлдар бейнесі көрінсе:
«...Еділдің бойын ел жайлап, Шалғынына бие біз байлап, Орындықтай қара сабадан Бозбаламен күліп, ойнап, Қымыз ішер күн қайда?!.» – деген жыр жолдарынан жорық, жортуылдардан тыншу тапқан бейбіт ел тірлігі көрінеді және осы көріністердің қай-қайсы да «күн қайда?!» деген сөздер арқылы аңсай түйінделіп отырады. Толғауда суреттелген көріністердің романтикалық сипат иеленуінің сыры да – аңсау сезімімен байланысты.
УЖЕ В 16:00 ЗДАВАТЬ НАДО