"«Аяз би» ертегісіндегі халық арманы. Эссе жазыңыз". 50-60 соз жетеды , коп керек емес (озым узак жазгм кемейды )

seraoki557 seraoki557    1   29.10.2020 09:16    5

Ответы
dashylasonimova128 dashylasonimova128  28.11.2020 09:17

Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.

если что обращайся

я не знаю правильно или нет но удачи тебе) выпишите что ты сможешь

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
2a741 2a741  28.11.2020 09:17

Ата бабамыз бүгінгі күнге көптеген ертегілер қалды. Солардың бірі "Аяз би" ертегісі. Аяз би:әлынды был, құмырсқа жолын ды біл-деп өсиет қалдырған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi