Ай суретпен диалог құрауға болады? неге?
• парталасыңмен бірігіп, диалогті жалғастырып көр.
- жидегің тәтті ме?
- өте дәмді. жейсің бе?
• қоян, аю, тиін сөздеріне дыбыстық талдау жаса.​

kerimbaevazarema03 kerimbaevazarema03    2   27.09.2019 09:09    69

Ответы
МинаМина2003 МинаМина2003  08.10.2020 22:22

Диалогті жалғастыру.

-Жидегің тәтті ме?

-Өте дәмді. Жейсің бе?

-Иә, дәмін көрейінші...

-Міне, ала бер.

-М-м, тәтті екен. Қайдан алып едің?

-Орталық базардың кіре беірісінде отырған апайдан.

-Мен де алмасам...

-Жидекті жақсы көресің бе?

-Иә. Үйде тосабы да бар. Бірақ осындай балғын жидекті жегім кеп жүрген. Рақмет саған!

-Оқасы жоқ!

Дыбыстық талдау.

Қоян - 4 әріп, 5 дыбыс (я - й+а)

Қ - дауыссыз, қатаң.

о - дауысты, жуан, ашық, еріндік.

й - дауыссыз, үнді.

а - дауысты, жуан, ашық, езулік.

н - дауыссыз, үнді.

Аю - 2 әріп, 3 дыбыс (ю - й + у)

А - дауысты, жуан, ашық, езулік.

й - дауыссыз, үнді.

у - дауысты, жуан, қысаң, еріндік.

Тиін - 4 әріп, 4 дыбыс.

Т - дауыссыз, қатаң.

и - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.

і - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.

н - дауыссыз, үнді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi